Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Панфилов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихына қысқаша шолу
Ұлттың рухани байлығы білімде болса, ұстанар бағыты тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі мектепте.
Мектеп - жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ал, мектептің тарихын зерделеу, нәтижелі жұмысын саралау - бүгінгі ұрпақтың еншісінде.
Осы орайда ынтымағы жарасқан, нәтежиеге бағытталған білім беру ісінде табысты жұмыс жасап келе жатқан Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің тарихы 1930 жылдардан бастау алады.
Мектеп ең алғаш рет бастауыш мектеп болып қалыптасты.1937 жылы мектеп кеңейтіліп, жеті жылдық мектеп болып қайта ашылды. Мектептің алғашқы директоры Н.Қараев болды. Бұл мектепте Ақсүмбе, Бақырлы, Раң елді - мекендеріндегі «Ворошилов», «Октябрь», «Қызылбайрақ» бастауыш мектептерін бітірген оқушылар келіп оқыған.
1959 жылы Энгельс кеңшарының ашылуына байланысты, Күмісті елд і - мекеніндегі жеті жылдық мектепке И.В.Панфилов есімі берілді.1962 жылы Қаратау кеңшары бөлек отау тігіп, жеті жылдық мектеп осында көшіріліп, директоры Қойбақов Әку болды.
1965 - 1966 жылдары мектеп Панфилов атындағы орта мектебіне айналып, Асқар Маңабаев директор болды, М.Сиябеков 1970 - 1989 жылы, 1989 - 2012 жылы С.Мекебаев, 2013 - 2021 жылы І.Омар, 2022 жылдың маусым айынан бастап Е.Төлепов директор болып қызмет атқарып келеді.
Тұңғыш түлектер орта мектепті 1966 - 1967 оқу жылында бітіріп шықты.
Сонау кезден бастап орта мектепке айналғанға дейінгі аралықта мектепті өз заманының озық ойлы, тәжірибелі әрі білімді мамандары:
Мәскеуге барып М.И.Калининнің қолынан медаль алған Әшен Қалмырзаев, КСРО білім беру ісінің үздігі М.Сиябеков, ҚР Білім беру ісінің үздіктері Ә.Қойбақов, Қ.Қыдырбекова, Н.Ермаханов, Ө.Құлманов, С.Мекебаевтар басқарса, білімді де білікті мамандар З.Жолдасбеков, С.Қалиев, К.Асанбаев, Т.Төлепбергенов, Б.Байділдаев, Е.Естанов, П.Бейсеев, Қ.Мырзабекова, А.Жорабекова, С.Көпбергенова, Н.Сармолдаева, С.Сайлаубекова, Б.Амантаева, Б.Мұртазаев, Ә.Әлмаханов, А.Дүкенбаев, Ж.Бесінбаев, Е.Рақышев, Е.Тұрлыбеков, Ұ.Мадиярова, С.Тәжібеков, Т.Тастыбаев, М.Смайлов, М.Дәукенов, Н.Құтжанова, К.Бектасова, Т.Бақтыбаев, Ш. Сейдалиева, С.Елеубеков, А.Жұмабекова, Ш.Сейсенбекұлы, Н.Құлтай, Қ.Сейтінбетовтер абыройлы қызмет етті. Олардың ішінде «Білім беру ісінің үздігі» Н.Сармолдаеваның іс - тәжірибесі облыс, К.Бектасова, Г.Бейсенова, М.Омаровтардың іс-тәжірибелері аудан көлемінде таратылған.
Бүгінде мектеп бітірген түлектеріміз өмірде өз орындарын тауып, еліміздің әр түкпірінде білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, бизнес, ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп келеді.
1967 - 2021 жылдар аралығында мектеп түлектерінің 18 - і «Алтын белгі» медальмен, 43 - і ерекше үлгідегі аттестаттармен, 75 - і үздік куәліктермен бітірсе, 14 - і академик, профессор, ғылым кандидаттары атағын алып, елімізде ғылымның дамуына өз үлестерін қосуда.
Олар: Байтулин Иса Омарұлы - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Биология ғылымдарының докторы, профессор.
Мұсаев Кеңесбай Мұсаұлы - филология ғылымының докторы, профессор. Нәлеев Оңалбек Бейсенұлы - техника ғылымдарының докторы, профессор. Қалжеков Тұрсынбай - медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Бесінбаев Сәбет - математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қойбақов Жаңабек Акуұлы - журналистер Одағының мүшесі.
Ермаханов Әмірбек Нысанбекұлы - мал дәрігер ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор.
Жүсіпбеков Сәрсенбек - техника ғылымдарының кандидаты.
Жүсіпов Әлішер Молдақасымұлы - ОҚО ІІД медицина қызметінің бастығы, полиция подполковнигі
Нұрпейсов Нариман Жұмашұлы - филология ғылымдарының кандидаты
Омаров Мырзабай Еркінбайұлы - ұстаз, ғалым, журналист. Әдеп ғұрып салт - дәстүр ғылыми зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі.
Қалжеков Бауыржан Беркінбайұлы - Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қаржы - экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры.
Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қасымбекова Зульфия Оралбайқызы - химия ғылымдарының кандидаты. Құлманов Қалижан Серікұлы -
техника ғылымдарының кандидаты.
Садуов Мұхтар Абдуалиұлы - медицина ғылымдарының кандидаты. Қуанышбаев Ержан Айтуұлы - филология ғылымдарының кандидаты, PhD - доктор.
Ермаханов Мейрамбек Нысанбекұлы - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Оспанов Жалғас Әмзеұлы - Қазақстандағы АҚШ елшілігі, Әскери қарым - қатынастар бөлімі, Жобалар жетекшісі.
Жылбек Сембекұлы - журналист, диктор, аудармашы (ағылшын, араб, түрік), Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ радиосының Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлығының лауреаты.
Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы - Түркістан облысы мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер.
Ашықбеков Ерлан Тасқынбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар Кеңесінің мүшесі.
Еркінбаев Ұлан Оралұлы - филология ғылымдарының кандидаты.
2008 - 2009 оқу жылының түлегі, мектебіміздің мақтанышы, «Алтын белгі» иегері Дүкенбаева Айшабибі Айбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің механика - математика факультетінің математика мамандығына грантқа түсіп, 2013 жылы бакалавр дәрежесін алып, осы мамандық бойынша магистратураға түсті.
Осы жылы «Болашақ» бағдарламасын жеңіп алады.
2014 - 2015 жылдары АҚШ - тағы Бостон Университетінің Center for English Language and Orientation Programs (CELOP) атты тіл орталығында ағылшын тілдік курсын бітірген.
2015 - 2017 жылдары АҚШ - тың Лос Анжелес қаласында орналасқан Оңтүстік Калифорния университетінде (University of Southern California, Los Angeles, CA, USA) мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Қазіргі таңда ғылыми математика мамандығы бойынша Гент Университеті (Гент, Белгия) мен Әль - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің біріккен програмасының PhD кандидаты.
Сонымен қатар, Гент университетінің «Analysis and Partial Differential Eguations» («Анализ және Дифференциалдық Теңдеулер») ғылыми орталығының белсенді мүшесі.
Қазіргі таңда Сулейман Демирель Университетінде аға оқытушы (Senior Lecturer) қызметін атқарады.
Мектеп Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай, 2011 жылдың 13 желтоқсанында жаңадан ашылған типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Мектепте оқушылар сапалы білім мен тәрбие алуына, жалпыға міндетті білім стандартына сай білім негіздерін игеруіне қажетті материалдық базамен жабдықталған.
1 - сынып, 2 - сынып, 3 - сынып, 4 - сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, география, АӘД, қызмет көрсету, лингафон кабинеттері және арнайы жабдықталған физика, информатика, химия, биология, мультимедия кабинеттері, робототехника, МАД оқу, ойын бөлмелері, кітапхана, 128 орындық акт залы, аралас шеберхана (ағаш, метал өңдеу), спорт залы, әскери қалашық, 72 орындық асхана, медициналық кабинет жұмыс жасайды.
Қазіргі кезде мектепте 53 мұғалім қызмет етсе, олардың педагог - зерттеуші - 13, педагог - сарапшы - 10, педагог - модератор - 7.
Жоғарғы білімдісі - 49, арнаулы орта білімдісі - 3, ҚР білім беру ісінің үздігі - 1.
Мектептің әкімшілік құрамы және оны әр кезеңде атқарған мұғалімдер жайлы
Мектеп тарихы Мектеп тарихы
1935 - 1941 жылдары Бастауыш мектеп
1941 - 1963 жылдары Энгельс атындағы жетіжылдық мектеп
1963-1966 жылдары И.В.Панфилов атындағы сегіз жылдық мектеп 1966 - жылдан И.В.Панфилов атындағы орта мектеп
Мектеп директорлары
1941 - 1947 жыл Қ.Бишеева
1947 - 1948 жыл Қ.Ахметов
1948 - 1950 жыл Алжанов
1950 - 1953 жыл М.Сиябеков
1953 - 1954 жыл Кунтубаев
1954 - 1956 жыл Төреханов
1956 - 1957 жыл Қ.Ахметов
1957 - 1959 жыл Қ.Әбжалалов
1959 - 1960 жыл С.Нурызбаев
1960 - 1962 жыл Қ.Тәжібаев
1962 - 1963жыл Ә.Қойбақов
1963 - 1964 жыл Ә.Нұрмышев
1965 - 1966 жыл А.Маңабаев
1970 - 1989 жыл М.Сиябеков
1989 - 2013 жыл С.Мекебаев
2013 - 2021 жыл І.Омар 2022 жылдан Е. Төлепов
Панфилов атындағы жалпы орта мектебін бітірген академик, профессор, ғылым кандидаттары
№ |
Аты - жөні |
Туған жылы |
Мектепте қай жылдары оқыды |
Атқаратын қызметі |
1 |
Байтулин Иса |
1927 ж. |
|
Биология ғ.д.п. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. |
2 |
Мұсаев Кеңесбай |
1931 ж. |
1940 - 1954 (7 жылдық) |
Филология ғ.д.п. Қазақстан, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ҒА корреспондент мүшесі, ММУ оқытушы. |
3 |
Бесінбаев Сәбит |
1938 - 2004 ж. |
1947 - 1954 (7 жылдық) |
Математика ғылымының кандидаты Жамбыл педагогикалық унив. Доценті, оқытушысы болған. |
4 |
Қалжеков Тұрсынбай |
|
|
Медицина ғылымының докторы, Қазақ эпидемиологиясы және микробиология ғылыми - зерттеу инст - ң бөлім бастығы. |
5 |
Налиев Оңалбек |
1941 |
1949 - 1956 (7 жылдық) |
Техника ғ.д.п. ҚР Жоғ. Мектеп ҒА - ның Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ауылшар. ҒА коррес/т мүшесі. |
6 |
Ермаханов Әмірбек |
1948 - 2009 |
1956 - 1963 (7 жылдық) |
Биология ғ.д.п. Қазақ мемл.Аграрлық унив.кафедра меңг. |
7 |
Жүсіпбеков Сәрсенбек |
1956 |
1956 - 1963 (7 жылдық) |
Техника ғ.к. Қ.И.Сәтбаев ат.ҚазҰТУ әкімшілік департаментінің директоры. |
8 |
Нұрпейісов Нариман |
1958 |
1965 - 1975 (10 жылдық) |
Филол.ғ.к. М.Әуезов ат.ОҚМУ Шығыс фил.және қазақ әдеб. кафедрасының меңгерушісі. |
9 |
Ермаханов Мырзабек |
1964 |
1971 - 1981 (10 жылдық) |
Техника ғ.к. Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ - нің аға оқытушысы. |
10 |
Қасымбекова Зульфия |
1967 |
1974 - 1984 (10 жылдық) |
Химия ғ.к. Әл - Фараби атындағы ҚазМҰУ оқытушысы. |
11 |
Құлманов Қалижан |
1968 |
1975 - 1985 (10 жылдық) |
Техника ғ.к. М.Тынышбаев ат. Қазақ көлік және коммуник. Академиясының кафедра меңгерушісі. |
12 |
Садуов Мұхтар |
1970 |
1977 - 1988 (10 жылдық) |
Медицина ғ.кандидаты. Ақтөбе қаласының дәрігері. |
13 |
Ермаханов Мейрамбек |
1971 |
1978 - 1988 (10 жылдық) |
Ауыл шар.ғ.к. Оңтүстік - Батыс ауыл шару.ғылыми - өндірістік орталықтың түйе шаруашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері |
14 |
Еркінбаев Ұлан |
1977 |
1984 - 1994 (10 жылдық) |
Филология ғ.к. Ұлттық ҒА әдебиет және өнер инст.Әдебиет теориясы бөлімінің қызметкері. |
Панфилов атындағы жалпы орта мектебін «Алтын белгіге» бітірген оқушылар
№ |
Оқушының аты - жөні |
Оқу жылы |
Бітірген оқушы саны |
1 |
Жусипова Шолпан |
1971 - 1972 |
34 |
2 |
Қалжеков Бауыржан Құрманбекова Алма |
1982 - 1983 |
42 |
3 |
Беркінбаева Нұрсәуле |
2004 - 2005 |
26 |
4 |
Жоламанова Майгүл Мекебаева Бану |
2005 - 2006 |
32 |
5 |
Жақапов Аман |
2006 - 2007 |
23 |
6 |
Дүкенбаева Айшабибі |
2008 - 2009 |
24 |
7 |
Әбілхас Ұлбала Тобабек Нұрлан Ыбрай Қадыржан |
2016 - 2017 |
20 |
8 |
Көптік Жәудір Асқар Назерке |
2017 - 2018 |
29 |
9 |
Әбибулла Әмина |
2019 - 2020 |
19 |
10 |
Әбілхас Жанерке Әбутәліп Фарида Жаңабекқызы Асылзат Еркебай Альбина |
2020 - 2021 |
27 |
Панфилов атындағы жалпы орта мектебін «Ерекше үлгідегі аттестатқа» бітірген оқушылар
қ/с |
Аты - жөні |
Оқу жылы |
Бітірген оқушы саны |
1 2 |
Беркінбаева Индира Әлмаханова Жазира |
1992 - 1993 |
65 |
3 4 5 6 7 8 9 |
Құлманова Ардақ Машова Рима Сенбекова Ардақ Тұтқышева Гүлназ Мақұлбекова Айнакүл Мұртазаева Жанар Сағындықова Ләззат |
1993 - 1994 |
45 |
10 11 |
Байділдаева Майра Әбілхайырова Перизат |
1994 - 1995 |
58 |
12 13 14 15 |
Өтегенов Балғынбай Төлепова Лаура Қуанышбаева Жәудір Садуова Нұршат |
1995 - 1996 |
55 |
16 |
Сыздықова Гүлжан |
1996 - 1997 |
33 |
17 18 |
Қарнақбаева Тұрсын Сенбекова Айзат |
1997 - 1998 |
33 |
19 20 21 22 |
Ашықбекова Әлия Нұржанова Алма Құдайбергенова Сандуғаш Тастыбаева Ақдидар |
1998 - 1999 |
43 |
23 |
Тұрлыбекова Гүлзат |
1999 - 2000 |
34 |
24 25 26 |
Беркінбаева Еркеназ Ермаханова Нұршат Өтегенова Назгүл |
2000 - 2001 |
34 |
27 28 29 30 31 |
Әбілхайырова Гүлсара Әшірбекова Динара Бақтыбаева Клара Көпбергенова Ақерке Сенбекова Гүлзат |
2001 - 2002 |
27 |
32 33 34 35 36 37 |
Айтқұлова Гүлнұр Байділдаева Нұргүл Байділдаев Рүстем Даукенова Назерке Омар Өскен Құдайбергенова Гүлсая |
2002 - 2003 |
28 |
38 |
Қарабекова Ұлдана |
2005 - 2006 |
25 |
39 40 |
Жұмекова Марал Өскенбаева Ажар |
2006 - 2007 |
23 |
41 |
Кеңесбай Аяулым |
2020 - 2021 |
27 |
42 43 |
Әйнекбай Меруерт Қуанышбек Гүлназым |
2021 - 2022 |
14 |