03 Мамыр 2024
Страницы КГУ "Общеобразовательная школа имени Панфилова" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Директор өмірбаяны

Мектеп директоры: Төлепов Ерғали Қаржаубайұлы

Өмірбаяны

Төлепов Ерғали Қаржаубайұлы 1972 жылы 23 қараша Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Қаратау ауылында дүниеге келген.

1979 - 1989 жылдар аралығында И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде оқыған. Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Қаратау ауылында МТС жұмысшы болып бастаған.

1990 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент Педагогикалық Институтының филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ұлттық мектептерде мамандығы бойынша оқуға түсіп, осы аталған институтты 1995 жылы бітіріп шықты.

1996 жылы «Саржаз» негізгі орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданған.

2003 жылы педагог - психолог маманы болып жұмыс істеген. Осы аталған жылдары мектептің түрлі қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан.

2007 жылы «Саржаз» негізгі орта мектебінің директоры болып тағайындалған.

2010 жылы «Облыстық кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.

2017 жылы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған.

2023 жылы “Мектеп басқарудағы иновациялық менеджмент” біліктілік курсін оқыған.

2022 жылдың маусым айынан бастап Созақ ауданының білім бөлімінің «Панфилов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарып келеді.

Еңбек етіп жүрген жылдар аралығында бірнеше рет облыс, аудан әкімдерінің және де білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» бірнеше рет марапатталған.

Отбасылы. 4 ұл 2 қызы бар.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар